2015 ж. көктемгі семестрге «Білімді қолдау» бағдарламасы бойынша, Айлық шәкіртақылар жеңімпаздары анықталды.

«Білімді қолдау» бағдарламасы бойынша комиссия отырысы аяқталды. 
Комиссия құрамына кірді: 
1. Мурат Абенов, Комиссия төрағасы («ӨРЛЕУ» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының АҚ директорлар кеңесінің төрағасы) 
2. Айбек Алдабергенов ("Алаш Медиа Групп" медиахолдингтің өкілі) 
3. Алим Есетов ("Актюбинский комбинат нерудных материалов" ЖШС бас директоры) 
4. Меруерт Цхай ("Kaspi Bank" АҚ Астана қаласының филиалдың директоры) 
5. Думан Кожахметов (Black&White Group медиакомпанияның бас серіктесі). 

Комиссия отырысы 1 ақпанда өткізілді. Жалпы 1980 өтінім онлайн жіберіліп, барлық талаптарға сай келетін комиссия қарауына 1271 өтінім қолға түсті. Өтінімді қарау және тексеру 8 сағатқа созылып, 252 жарыс жеңімпаздары анықталды (Жеңімпаз тізімін осында караныз). Екі демеуші көмек көрсеткендіктен, шәкіртақы саны 250-ден 252-ге дейін өсті. 

Сайысқа 40 ЖОО-ның студенттері қатысып, 26 ЖОО студенттері жеңімпаз болды, ең көп жеңімпаз студенттер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен (105 студент), Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінен (41 студент), Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Агротехникалық Университетінен (17 студент) және Nazarbayev University (12 студент). 

Жарыс жеңімпаздарына келесі қадамды істеу керек: 
1. Өтінімді қағазға шығарып, әр беттің астына және жауапкершілік өтінішіне қол қою керек; 
2. Фотосуретіңізді қағазға шығарылған өтінімге жабыстыру керек (фото 3х4); 
3. Өтінім электронды (модуль арқылы) жіберген кезде, тіркелген барлық құжаттарды (анықтамалар, транскрипт, диплом мен сертификаттардың көшірмелері және т.б. нотариалды бекітілген жеке куәлік – 1 дана, жеке куәліктің жай көшірмесі – 1 дана) тіркеуді сұраймыз; 
4. Қағаз түріндегі барлық құжаттар мен анықтамаларды және өтінімді тезтікпеге (қағаздарды бекітіп қоятын жабдығы бар папка) салу қажет; 
5. Пошталық қызмет арқылы тезтікпеге салынған құжаттарды біздің офисімізге жіберу қажет. 
Қаражатты үнемдеу үшін, бірнеше жеңімпаздар бір конверт арқылы бірнеше өтінімді салып жіберуге болады. Астана қаласында тұратын студенттер, офиске өтінімді өздеріне әкелуге болады; 
6. Құжатты жібергеннен кейін біздең хабарламаны күтіңіз. 

Біздің мекен-жайымыз: Астана қ. Сығанақ 29 көшесі, Евроцентр Бизнес Орталығы, 1 қабат 147 кабинет.

Сайыс жеңімпаздарды шың жүректен құттықтаймыз және алынған шәкіртақы сіздердің оқу ынталарын күшейтетіне сенеміз! Сайыстан өте алмаған студенттерге, келесі сайыстарда өтуді тілейміз. Келесі сайыста, шәкіртақы саны өсетіне біз үміттенеміз.