Мұрат Әбенов «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланды.

«Taiburyl» Қоғамдық бірлестігінің Қамқоршылық кеңесінің жұмысы пайдалы іскерлік байланыстарын, қаржылай ресурстарды тартуға, қоғамдық статусты қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңесі «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігінің еліміздің интеллектуалды әлеуетін арттыру барысында атқарған жұмысы туралы ақпаратты таратуға, бірлестіктің қоғам алдындағы имиджін қалыптастыруға көмек көрсетеді.
Мұрат Әбенов «Taiburyl» ҚБ гранттарды бөлу комиссиясының төрағасы ретінде жобаларды қолдай отырып, бірнеше жылдан бері бірлестікпен әріптестік қарым-қатынаста жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда «Taiburyl» ҚБ 2013 жылдан бастап 1000-нан аса шәкіртақылар үлестірді.
Мұрат Әбенов 2017 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақпараттық-коммуникациялар технологиясы, білім беру және инновация Комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
Оның екі жоғары білімі бар, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты мен Қазақ гуманитарлы-заң университетінің бітірген. Еңбек жолын білім саласында бастап, Қызылорда облысы әкімінің аппаратында, мемлекеттік қызмет саласында, Ішкі саясат департаментінде жұмыс тәжірибесі бар. 2005 жылдың мамыр айынан 2007 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары қызметін атқарды.
М. Әбенов екі рет «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2012-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
Сонымен қатар, Мұрат Әбенов «Serpin» Ұлттық білім ұйымдарының қауымдастығының төрағасы, «Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ директорлар Кеңесі төрағасы, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі. 2013 жылдан бері ол Қазақ-Америка университетінің және «Назарбаев интеллектуалды мектебі» АҚ қамқоршылық кеңестерінің мүшесі.