Мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілін тегін үйрену гранттар байқауы бойынша хабарландыру

9-11 сынып оқушыларына арналған  «Capital Education» білім орталығында ағылшын тілін тегін үйрену гранттарды  беру байқауы жалғасуда.

Бірінші турдың қорытындысы бойынша 11 қатысушы іріктелді.

«Мектеп оқушыларына арналған гранттар» Ережесі бойынша, байқаудың екінші кезені басталады -  оқушылармен  сұхбаттасу өткізіледі.

Әңгімелесу көшбасшылық қасиеттерді, коммуникативтік дағдыларды, жігерлілік , нәтижеге бағытталғандығын анықтауға бағытталған.

Сұхбаттасу 2017 жылы желтоқсанның 21-де «Capital Education» білім орталығында Сығанақ көшесі 14 мекен жайы бойынша, сағат 14:00-де өткізіледі.
 
Комиссияға Демеушілердің окілдері, тағы басқа тәуелсіз тұлғалар кіреді.
 
Әрбір үміткер, республикалық олимпиадаларға, спорт, мәдениет салаларындағы түрлі жарыстарға қаттытстығын дәлелдейтін,  сертификаттар мен дипломдарын   қамтамасыз ету міндетті.

 

Байқаудың үшінші кезеңі грант алушыларды бекіту болып табылады.

Нәтижелер біздің сайтымызда http://taiburyl.kz  жарияланады.