«Озат» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау модулі қосылады.

Өтінім бұл сілтеме арқылы жіберіледі http://taiburyl.kz/kz/podat-zayavku-kz/

Студенттерге арналған қысқаша нұсқау:
1. «2016-2017 оқу жылының Озат шәкіртақы бағдарламасы туралы» Ережені мұқиятты оқуға өтінеміз.
2. Байқауға қатысу үшін, Ереженің 3 бабымен танысуды сұраймыз. Егер талаптың бір бабына сәйкес болмасаңыз, шәкіртақы алу мүмкіндігі өте төмен болады.
3. Ереженің соңғы беттерінде көрсетілген байқауға қатысу үшін, қандай құжаттар керек екенің қарап шығыңыз. Өтінішті толтырудың алдында, көрсетілген анықтамалар мен құжаттарды жинап алу керек (ХҚКО анықтама, ЖОО-нан анықтамалар, ата-ананың жұмыс орнынан анықтама және т.б.).
4. Қажетті құжаттарды жинап, оны міндетті сканерлеу қажет (сапасы жақсы және түсті болғаны дұрыс, суреттің форматы png, jpeg болу керек). Олардың өлшемі 1 мб аспау керек.
5. Жаңалықтарды білу үшін өзініздің поштанызды және біздің сайтымызды қарап тұрыныз.
6. Қайтадан www.taiburyl.kz сайтына кіріп, терезенің үстінгі оң жағында «Өтінім беру» терезесін басасыз.
7. "SK-Trust" әлеуметтік жобаларды даму қорының "Озат" байқауы Бағдарламаны таңдап, өтінімді дұрыс толтырасыз (берілген ақпарат анық және дұрыс болу қажет) және сканерден өткен құжаттарды тіркейсіз. Қызыл жұлдызшамен белгіленген сұрақтарды міндетті түрде толтыру керек, егер де толтырылмай қалса, Өтінім жіберілмейді. 
8. Өзініз туралы, ата-ана, туған-туысқан, материалдық жағдай туралы толық және ашық мағлұмат беріңіз. Әсіресе өмірбаянды толық жазуға тырысыңыз. Толтырылған анкеталарды «Черновик» ретінде сақтауды ұмытпаныз.
9. Егер де өтінім дұрыс толтырылса, және үміткер талапқа сай болса, біз Сізге 24 сағат ішінде электрондық почтаға жауап береміз. Бізден жіберілген кейбір хаттар «СПАМ» папкасында болу мүмкін, бізден келген хаттарды өшірмеуді өтінеміз!

Сәттілік тілейміз!