«Озат шәкіртақы бағдарламасы» атты сайыстың екінші кезеңі басталады

Сайыстың бірінші кезеңі 2016 жылдың қыркүйегінде өткен. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының шәкіртақыларына 125 студент ие болған.

Шәкіртақыға өтінімдерді Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының бітіруші курстарының (4-5 курс студенттері) күндізгі бөлімдегі бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттер жолдай алады.

Сайыстың бірінші кезенінде 130 шәкіртақыдан тек 125 адам ие болса, екінші кезенде 135 шәкіртақы бөлінеді.

Өтінімдерді қабылдау шаралары 2017 жылдың 31 қаңтардан бастап 14 ақпанда аяқталады. Өтінімдерді қабылдау модулі 2017 жылдың 31 қаңтардан сағат 09.00 қосылады, 2017 жылдың 14 ақпанда сағат 18.00 өшіріледі. 

Комиссия мүшелері қабылданған өтінімдерді 2017 жылдың 15-17 ақпан айының аралығында қарап шығады. Жеңімпаз туралы ақпарат 2017 жылдың 20 ақпанда жария етіледі.

Конкурсқа келесі мамандықтарда оқитын студенттер қатыса алады: мұнайгаз өнеркәсібі, атом өнеркәсібі, телебайланыс, көлік және логистика, энергетика өнеркәсібі және химия өнеркәсібі. 

Содан басқа, конкурстық комиссия өтінімдерді қарау кезінде келесі шарттарға мән береді: студенттің үлгерімі, ғылым, спорт және мәдениетке ынтасы әрі қатысуы, халықаралық және республикалық конкурстар мен жарыстардағы марапаттары мен жүлделі орындарының болуы, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы және белсенді өмірлік ұстаным. Өтінімдерді қарау кезінде студенттің отбасының материалдық жағдайы да ескеріледі.

«Озат» шәкіртақы бағдарламасы бойынша әрі қарай шәкіртақы иесінің «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады.

Бағдарламаның әкімшісі «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі болып табылады. Конкурстың ережесі және басқа ақпарат www.taiburyl.kz сайтында жарияланған.

Толығырақ: http://www.sk-trust.kz

Өтінімді беру модулі: http://taiburyl.kz/kz/podat-zayavku-kz/ - "SK-Trust" әлеуметтік жобаларды даму қорының "Озат" байқауы

Сұрақ-жауап: http://taiburyl.kz/faq/

Бағдарлама бойынша Ереже:

-  http://taiburyl.kz/faq/Stipendia_Ozat_SK-Trust_rus.pdf

http://taiburyl.kz/faq/Stipendia_Ozat_SK-Trust_kz.pdf ережелерді мұқиятты оқып, құжаттарды жинауға болады.

2016_13_09__11_29_02__965 каз.jpg