2016 жылғы 15 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мен «Taiburyl» Қоғамдық Бірлестігі арасында қайырымдылық көмек көрсету және «Озат» шәкіртақы бағдарламасын іске асыру туралы Шарт жасалды.
«Озат» шәкіртақы бағдарламасына сәйкес, студенттер «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» компаниялар тобына кіретін компанияларда практика өтуге мүмкіндік туды.
Бүгінгі таңда «автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқитын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 4 студенті машықтанудан өтті: Назира Сапар, Әсел Сабирова, Жания Малекова және Дана Жалимбетова. Студенттер «Samruk-Energy» АҚ-ға шақырылып, 2016 жылғы 2 желтоқсаннан 2017 жылғы 31 қаңтарға дейін практикакадан өтті.
Шәкіртақы алушылар компанияға келген соң, трансформация офисіне жіберілді, мұнда бөлім бастығы Марат Қалменовтың басшылығымен, «РМО» блогы менеджерінің көмекшісі ретінде тағайындалды.
Практика өткен уақытта шәкіртақы алушылардың міндетіне мыналар кірді:
– РМО блогының кестесін басқару;
– Бизнес трансформациясы Бағдарламасының Жобаларын іске асыру шеңберінде әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету;
– жоба жоспарын жүргізу және Жобаларды іске асыру шеңберінде есептілікті қалыптастыру;
– ASANА бағдарламасында жұмыс істеу;
– Кіріс және шығыс құжаттаманы өңдеу;
– Іскери хат алмасуды жүргізу, ішкі нормативтерді сақтау;
– PMBoK оқыту бойынша семинарларға (мастер-класстарға) қатысу ;
– ASAP жүйесі негізінде деректерді басқару техникасын шолу және зерделеу.
Практикант Назира Сапар машықтану кезінде өзінің мамандығы бойынша практикалық білімін игергені, ұжымда жұмыс істеу дағдыларына үйренгені, жоғары оқу орнында алған теориялық білімін бекіткені туралы жазады және осы машықтанудың арқасында кәсіп таңдауда қателеспегенін түсінгені күмәнсіз және өз өмірін таңдап алған мамандығына арнағысы келеді.
Біздің мақаламыздың қорытындысында шәкіртақы алушыларымыздың алғыз сөздерін жазғымыз келеді: «Біздің еліміздің ең ірі ұйымдарының бірінде студенттердің машықтанудан өтуіне мүмкіндік бергені, өз ісінің кәсіпқой мамандарынан оқып үйрену мүмкіндігін бергені үшін «Samruk-KazynaTrust» Қорына үлкен алғысымызды білдіреміз және болашақта әрі қарай ынтымақтастық жасасуға үлкен сенім артамыз».
«Taiburyl» Қоғамдық Бірлестігі және барлық шәкіртақы алушылар атынан жас мамандар алған білімдерін іске асыру мүмкіндігін ұсынғаны үшін серіктестеріміз бен демеушілерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз.