«Senim» бизнес ұйымы Alma U және SDU оқу орындарының студенттеріне 2 білім грант ұсынады

Қазақстанның талантты жастарын қолдау мақсатында «Senim» бизнес ұйымы AlmaU және SDU оқу орындарының студенттеріне арналған 2017-2018 оқу жылына 2 білім грантына байқау жариялайды. 


Байқаудың басты мақсаты "Ақпараттық жүйелері" мамандықтары бойынша білім алып жатқан талантты Қазақстан студенттерін қолдау, «Senim» мобильді қосымшасын насихаттау.  

Байқауға қатысу үшін үміткер: 

1) «Білім гранттары туралы» (http://taiburyl.kz/faq/Grant_2016.02.10_kz.pdf) ережесіндегі талаптарға сай болуы; 
2) «Senim» мобильді қосымшасына тіркелуі; 
3) «Senim» мобильді қосымшасын насихаттау шараларына белсенді қатысу керек. 

«Senim» – бұл адамға және бизнесге тиімді шешімдері кең ауқымы бар көп функционалды онлайн-ортасы болып табылады. 
Мобильді қосымшаны смартфон, планшеттерге тегін орнатуға болады. 
Толық ақпарат https://senim.kz сайтында бар. 

Үміткерлердің Гранттарға өтінімдерін қабылдау 19 қыркүйектен бастап 2 қазан күніне дейін жалғасатын болады. 

http://taiburyl.kz/podat-zayavku_ru/ сілтеме бойынша үміткерлерге  құжаттарды тапсыруға болады.

Өтініштерін қабылдау модулі "Білім гранттары" 2017 жылдың 19 қыркүйек сағат 09.00-де іске қосылады және 2 қазан күні сағат 18.00-де жабылады. 
Үміткерлер өтініш жіберу барысында «Senim» мобильді қосымшасында тіркелген ID-нөмерін көрсетуді ұмытпау керек.  

2017 жылдың 4 қазан күні Комиссия өтініштерді қарайды.  

Барлық сұрақтар бойынша «Тайбурыл» Қоғамдық Бірлестігінің атқарушы директоры Светлана Ермековамен
 +7 771 501 91 37 телефоны 
немесе taiburyl.kz@gmail.com электронды поштасы арқылы байланысуға болады.