Өтінімдерді қабылдау шаралары аяқталды

14 ақпанда сағат 18.00 «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Озат» шәкіртақы бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау модулі жабылды.

Бірінші кезең бойынша қысқаша есеп:
- бағдарламаға қатысу үшін 245 өтінім жіберілді;
- оның ішінде 169 өтінім Ереженің талаптарына сай келді;
- 76 өтінім Ереженің талаптарына сай келмеді.

Сайысқа қатысушылардың басты қателері:
- студенттердің көбі өтінімді сайыстың соңғы күнінде тапсырды, бұл қателіктерді түзетуге немесе өтінімді қайтадан тапсыруға мүмкіндік бермеді;
- ереженің талабы бойынша құжаттар сканерленбеген, сапасы нашар фотосурет ретінде жіберілген;
- ережені мұқиятты түрде оқымай, талапқа сай келмейтін студенттер құжаттарды жинап, өтінімді тапсырған;
- тіркеуді дұрыс өткізбеген, қате мәліметті жазған;
- құжаттар мен анықтамалардың алған мерзімі талаптарға сәйкес келмеген.

Студенттердің өтінімдерің қарау комиссия отырысы осы аптада өтеді. Комиссия шешімі және жеңімпаз тізімі 20 ақпанда жария болады.