"Taiburyl" ҚБ «Ай сайынғы шәкіртақы» бағдарламасы бойынша өтінімдерді жинауды бастау туралы жариялайды.

Бұл жолы талантты студенттерге Кенес Ракишев («Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, SAT & Company өнеркәсіптік холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы, NetElement Директорлар кеңесінің төрағасы) және Вячеслав Ким («Kaspi Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан таэквондо федерациясының президенті) қолдау көрсетуді шешті, олардың әрқайсысы 100 шәкіртақыдан ұсынады. «Kaspi bank» АҚ-ның (kaspi.kz интернет сервисі) және «Казкоммерцбанк» АҚ-ның (epay.kkb.kz қызметі) көмегімен банктік қызмет көрсету Бірлестік үшін, сондай-ақ стипендиаттар үшін толығымен тегін екендігін атап өтейік.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартылатын басқа демеушілерден қаражат жинау басталғанын хабарлаймыз – осы күні шәкіртақының соңғы саны анықталады. Қаражатты www.taiburyl.kz сайтында онлайн-модуль арқылы аударуға болады. Бірлестіктің атынан және «Taiburyl»-дың барлық қазіргі және болашақ стипендиаттардан барлық демеушілерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

Студенттерден өтінімдерді қабылдау 2015 жылғы 15 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Өтінімдер процесі толықтай автоматтандырылған, осының көмегімен үміткерлер өтінімді онлайн тәртібінде бере алады (http://www.taiburyl.kz/request/). Өтінімдерді қабылдау модулі 15 қыркүйекте сағат 09:00-де қосылады. Өтінім берілгеннен кейін, 24 сағаттың ішінде «Taiburyl» ҚБ-ның қызметкерлері өтінімнің Ереженің барлық талаптарына сәйкестігін тексереді және кейінгі нұсқаулармен хат жібереді. Өтінімді екі тілдің – қазақ және орыс тілінің бірінде беруге болады. Конкурстың басталуы туралы хабарлаған сәттен (бүгінгі күннен бастап), студенттердің қажетті құжаттарды жинауына және оларды сканерлеуді бастауына болады (сурет көлемі 1 мб-дан аспауы тиіс). Қажетті құжаттар тізімі «Ай сайынғы шәкіртақы» ережесінде жазылған (http://taiburyl.kz/faq/Stipend_2015.06.01.pdf).

Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында БАКАЛАВРИАТ бағдарламасы бойынша екінші курстан бастап оқитын студенттер қатыса алады. Осы Конкурс шеңберінде жеңімпаз атанған студенттер 5 ай бойы (2015 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы қаңтар аралығында) 30 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы (жеке табыс салығын қоса алғанда) алу құқығына ие болады. Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін "Ай сайынғы шәкіртақы туралы" ережесінің талаптарына сәйкес келу қажет.

Назар аударыңыз! Біз үлгерімдік өлшемшарттарын арттырдық, сондықтан Ережені мұқият оқуыңызды сұраймыз, егер Сіз ең болмағанда бір тармақ бойынша сәйкес келмесеңіз, ҰБТ немесе GPA-ның ең болмағанда бір ұпайы жетіспесе, құжаттарды жинауға және өтінім беруге алтын уақытыңызды бекерге жұмсамаңыз. Өткен конкурстарды өткізу тәжірибесі студенттердің жалған өтінімдерді жиі жіберетінін көрсетті немесе ҰБТ немесе GPA-дан төмен ұпай алғандардың өтінімдері мақұлданбайды. Сондай-ақ Өтінімді Ережеде көрсетілген толық құжаттар топтамасынсыз тапсырмауға кеңес береміз – Өтінім толық құжаттар топтамасынсыз қабылданбайды.

Конкурсқа БАРЛЫҚ талаптарға сәйкес келетін және оны құжаттармен растаған студенттер ғана қатыса алады. Стипендиаттарға мынадай талаптар қойылады:

– Қазақстанның азаматы болу;

– іс-қимылдары үшін сотталғандығы және/немесе әкімшілік жазаларының болмауы;

– Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және шетелдік Жоғары оқу орнының еншілес бөлімшесі болып табылмайтын Жоғары оқу орнының бакалавриатында күндізгі бөлімде оқуы;

– білім беру грантына сәйкес мемлекеттік шәкіртақы немесе Президенттік шәкіртақыдан басқа, басқа көздерден шәкіртақы алмауы;

– университеттен басқа, еңбек шарты негізінде жұмыс істемеуі;

– Ереженің 2.2-тармағында көрсетілген үлгімдік өлшемшарттарына сәйкес келуі;

–Ереженің 2.3-тармағында көрсетілген материалдық қамтамасыз етушілік өлшемшарттарына сәйкес келуі;

– Ереженің 2.4-тармағында көрсетілген аффилиленген өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс.

Бұл конкурс жалпыреспубликалық болып табылады, яғни елдің барлық өңірінің студенттері өтінім бере алады. Грантта, сондай-ақ ақылы бөлімде оқитын студенттер де қатыса алады.

Шұғыл сұрақтар туындаған жағдайда, электрондық тәсілмен ғана:

- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com) бойынша;

- FB-парақ арқылы (https://www.facebook.com/taiburyl) хабарласуға болады.

Өтінім модулі автоматтандырылды және екі тілде әзірленді, бұл ретте ауызша кеңес беру қажеттілігін болдырмау мақсатында толтырылатын ақпараттың әрбір тармағы бойынша түсіндірмелер беріледі. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды FAQ http://taiburyl.kz/faq/ бөлімінен оқи аласыз.

"Taiburyl" ҚБ барлық үміткерлерге шын жүректен сәттілік тілейді және осы конкурстың жастар арасында жарқын тұлғаларды табуға мүмкіндік беретініне сенеді!

Вячеслав и Кенес.jpg