"Taiburyl" ҚБ «Дарындыларды қолдау» бағдарламасы бойынша, өтінімдерді жинауды басталғаны туралы жариялайды

"Taiburyl" ҚБ «Дарындыларды қолдау» бағдарламасы, «Дарындыларды іздеу» жобасы бойынша, өтінімдерді жинауды басталғаны туралы жариялайды.

«Дарындыларды іздеу» жобасы республикалық, халықаралық сайыстарда спорт, мәдениет және ғылым саласында бірінші, екінші, үшінші орын алғандарға қолдау көрсету үшін арналған.
Бағдарламаның мақсаты:
- ғылыми, шығармашылық, спорт жетістіктерін насихаттау;
- жеке тұлғаның әлеуметтік, ғылыми, шығармашылық шамасын арттыру.

Өтінімдерді қабылдау 2015 жылғы 18 желтоқсаннан, 2016 ж. 18 қаңтар аралығына дейін сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. Өтінімдер процесі толықтай автоматтандырылған, осының көмегімен үміткерлер өтінімді онлайн түрінде бере алады (http://taiburyl.kz/kz/podat-zayavku-kz/).

Өтінім берілгеннен кейін, 24 сағаттың ішінде «Taiburyl» ҚБ-ның қызметкерлері өтінімнің Ереженің барлық талаптарына сәйкестігін тексереді және кейінгі нұсқаулармен хат жібереді. Егер де жауап келмесе, поштанызда «СПАМ» деген папканы тексеруге сұраймыз. Бізден келген хаттарды «НЕ СПАМ» деп белгілеуге өтінеміз.

Өтінімді екі тілде – қазақ және орыс тілде толтыруға болады. Конкурстың басталуы туралы хабарлаған сәттен (бүгінгі күннен бастап), үміткерлердің қажетті құжаттарды жинауына және оларды сканерлеге болады (сурет көлемі 1 мб-дан аспауы тиіс).
Қажетті құжаттар тізімі «Дарындыларды қолдау туралы» ережесінде жазылған http://taiburyl.kz/faq/Talant_2014.06.02.kz.pdf

Үміткерлер грант алу үшін келесі талаптарға сай болу керек:
– Қазақстан Республикасының азаматы болу тиіс;
– 6 мен 29 жас арасында болу керек;
– соттылығы және әкімшілік жазасы болмауы тиіс;
– республикалық немесе халықаралық сайыстар, конкурстар мен олимпиадалардан
сертификаттар мен грамоталар болу қажет (конференциялар саналмайды және жеке қатысу керек);
– материалдық көмекке мұқтаж болу керек;
– қосымша талаптар бағдарламаның демеушісінен қойылу мүмкін.

Конкурс жалпы республикандық болып табылады. Қазіргі кезде дарынды жастарға Бірлестік тек 3 грант бере алады. Комиссия отырысы өткеннен кейін, конкурстың жеңімпаздар тізімі біздің сайтымызда жария болады.

Шұғыл сұрақтар туындаған жағдайда, электрондық тәсілмен ғана:
- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com) бойынша;
- FB-парақ арқылы (https://www.facebook.com/taiburyl) хабарласуға болады.

Өтінім модулі автоматтандырылды және екі тілде әзірленді, бұл ретте ауызша кеңес беру қажеттілігін болдырмау мақсатында толтырылатын ақпараттың әрбір тармағы бойынша түсіндірмелер беріледі. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды FAQ http://taiburyl.kz/faq/ бөлімінен оқи аласыз.

"Taiburyl" ҚБ барлық үміткерлерге шын жүректен сәттілік тілейді және осы конкурстың жастар арасында дарынды тұлғаларды табуға мүмкіндік беретініне сенеді!