Taiburyl және М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университет арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандум дарынды жастарды қолдау дағдыларын қалыптастыруды, айлық шәкіртақы мен білім гранттар алу үшін жоспарланған конкурстар туралы пайдалы ақпарат тәжірибе алмасуды, жұмыс орындарын құруды қамтиды.
Бір біріне көмектесе әрекет жасауы «Оз Университетіңе қолдау көрсет», «Талапты жастарды іздестіру», «Зерттеушілерге қолдау көрсету», «Қонақ дәрістер» секілді Taiburyl жобаларында орынды болады.
КАЗГЮУ бакалавриат, магистратура және докторантура аясында заңтану, экономика, қаржы, бизнес салаларында мамандарды даярлайды. Университетте 4 мектеп қызмет етуде: Жалпы білім беру пәндері мектебі, Экономика жоғары мектебі, Құқық жоғары мектебі және КАЗГЮУ Бизнес-мектебі. Жыл сайын университетті мыңға жуық адам тәмәмдайды.
КАЗГЮУ-дағы білім беру қызметі Еуропалық білім беру стандартына сәйкес іске асырылады. Сонымен бірге шетелдегі серіктес оқу орнында қос диплом бағдарламасы бойынша сапалы жоғары білім алу мүмкіндігі бар.