Тайбурылдан AlmaU студенттеріне қуантарлық жаңалық!

Тайбурылдан AlmaU студенттеріне қуантарлық жаңалық!


 Taiburyl қоры Senim мобильді қосымшасы операторының демеушілігімен AlmaU жоғары оқу орнының 10 студентіне ай сайынғы шәкіртақыға байқау жариялайды. Байқаудың басты мақсаты маркетинг және қоғаммен байланыс мамандықтары бойынша практикалық тәжірибе алуға ынталы, шығармашыл әрі талантты жастарды қолдауға бағытталған.

 Байқауға қатысу үшін үміткер:
 1) AlmaU университетінің студенті болуы;
 2) «Senim Chalenge (SeCh) байқауы туралы» Ережесінің талаптарына сай келуі; 
3) «Senim» мобильді қосымшасында тіркелуі қажет. Үміткерлердің ұсынымдарын қабылдау

2017 жылдың 4 мен 13 қазан күндері аралығында жүзеге асырылады. Ұсынымдарды қабылдау модулі 13 қазан күні сағат 18.00-ге дейін қосулы болады. Үміткерлер ұсыныс жіберу барысында «Senim» мобильді қосымшасында тіркелген ID-нөмерін көрсетуді ұмытпау керек.

 2017 жылдың 19 қазан күні Комиссия ұсыныстарды қарайды. Барлық сұрақтар бойынша taiburyl.kz@gmail.com e-mail – поштасы немесе FB-парақша (https://www.facebook.com/taiburyl) арқылы байланысуға болады.

Senim» мобильді қосымшасы деген не? «Senim» – бұл бизнестің тиімді жағдайда дамуына және адамның өміріне маңызды салалардағы мәселелерді шешуге бағытталған көп функциялы онлайн орта болып табылады. Бағдарлама операторы «Қазақстандық Дисконт Орталығы» ЖШС - «Тайбурыл» Қоғамдық бірлестігінің демеушісі. Мобильді қосымшаны смартфон, планшеттерге тегін орнатуға болады. Толық ақпарат https://senim.kz сайтында бар.