Техникалық сала студенттеріне шәкіртақы беру бағдарламасы басталды

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қазақстандық жоғары оқу орындарындағы техникалық мамандықтарда оқитын ең үздік студенттерді ынталандыруда. Қор оқуға арналған 130 шәкіртақыны қамтитын «Озат» шәкіртақы бағдарламасын бастауда. Шәкіртақыға өтінімдерді Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының бітіруші курстарының күндізгі бөлімдегі бакалавриат студенттері жолдай алады. 

Өтінімдерді қабылдау шаралары 2016 жылдың 21 қыркүйектен бастап 5 қазанда аяқталады. Өтінімдерді қабылдау модулі 2016 жылдың 21 қыркүйектің сағат 09.00 қосылады, 2016 жылдың 5 қазанда сағат 18.00 өшіріледі.  

Комиссия мүшелері қабылданған өтінімдерді 2016 жылдың 6-8 қазанында қарап шығады. Жеңімпаз туралы ақпарат 2016 жылдың 10 қазанында жария етіледі. 

Конкурсқа келесі мамандықтарда оқитын студенттер қатыса алады: мұнайгаз өнеркәсібі, атом өнеркәсібі, телебайланыс, көлік және логистика, энергетика өнеркәсібі және химия өнеркәсібі.  

Содан басқа, конкурстық комиссия өтінімдерді қарау кезінде келесі шарттарға мән береді: студенттің үлгерімі, ғылым, спорт және мәдениетке ынтасы әрі қатысуы, халықаралық және республикалық конкурстар мен жарыстардағы марапаттары мен жүлделі орындарының болуы, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы және белсенді өмірлік ұстаным. Өтінімдерді қарау кезінде студенттің отбасының материалдық жағдайы да ескеріледі. 

«Озат» шәкіртақы бағдарламасы бойынша әрі қарай шәкіртақы иесінің «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі қарастырылады. 

Бағдарламаның әкімшісі «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі болып табылады. Конкурстың ережесі және басқа ақпарат www.taiburyl.kz сайтында жарияланған. 

Толығырақ: http://www.sk-trust.kz/news/ozat_kaz 
Өтінімді беру: http://taiburyl.kz/kz/podat-zayavku-kz/ - "SK-Trust" байқауы  
Бағдарлама бойынша Ереже: http://taiburyl.kz/faq/Stipendia_Ozat_SK-Trust_kz.pdf
2016_13_09__11_29_02__965 каз.jpg