Mugalim Талдықорған байқауының қорытындысы жарияланды
Mugalim Талдықорған байқау І.Жансүгіров атындағы Жетісу (әрі қарай Zhetysu University) университетінің талапкерлері арасында өткізілді. \https://zhetysu.edu.kz/.
Mugalim Талдықорған жобасының мақсаты - педагог мамандығына әлеуеті жоғары абитуриенттерді тарту, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерді қолдау және педагог кадрлардың, әсіресе Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде тапшылық проблемасын шешу
Mugalim Талдықорған байқауына барлығы 33 өтінім берілді.
Әр үміткермен бетпе-бет сұхбат түрінде өткізілген 3 кезеңнің қорытындысы бойынша комиссия 2021-2022 оқу жылына арналған Mugalim Талдықорған байқауының 2 жеңімпазын таңдады:
1. Қалибеков Данияр Төлегенұлы
2. Емберген Зарина Мақсатқызы
Жеңімпаздар Білім және Әлеуметтік бағдарламаларды орындау нәтижелері бойынша, оқу семестрі ішінде 40 000 теңге көлемінде стипендия алатын болады:
- Семестрде Болашақ мұғалімдер психология-педагогикалық құзыреттерін дамыту, оқыту әдістемелеріне, тұлғалық дамуына арналған оқыту семинарлары мен тренингтеріне қатысады
- Кітап оқу және рецензия жазу
- Ағылшын тілі бойынша деңгейлік тест (Progress Test)
- Пән бойынша деңгейлік тест (Subject Test).
Комиссия 2021-2022 оқу жылына Mugalim Талдықорған байқауының "Мүмкіндік" резерв тобының қосымша 4 студент таңдады:
1. Зарылканова Райхан Санатовна
2. Қапар Жансая Жолдаспайқызы
3. Айтмухамбетова Аружан Асхаткызы
4. Кенжеханұлы Рауан
Мүмкіндік деген не?
Мүмкіндікке ие болған студент жоба тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алады. 1-ші семестрде студенттің оқу үлгерімі жақсы болған жағдайда және өзін жан-жақты қырынан көрсете алса жобаға өтуге, стипендия алу мүмкіндігі бар.
Конкурс жыл сайын 3 кезеңде өткізіледі, сәуір айында басталады.
Үміткерлер келесі талаптарға сай болуы керек:
• Қазақстан азаматы болу;
• Қазақстанда орналасқан жоғары оқу орнының бакалавриатының күндізгі бөлімінде педагогикалық мамандықтар бойынша оқу;
• Mugalim байқауының ережесінде көрсетілген үлгерім өлшемдеріне сәйкес келу;
• Пән бойынша тест және жеке тұлға түрін анықтауға арналған тест тапсыруға дайын болу;
• Бакалаврдағы ЖОО-да оқуды аяқтағаннан кейін және тиісті диплом алғаннан кейін мектепте мұғалім болуға берік ниеті болуы тиіс;
• Жобада болған барлық кезең ішінде Білім беру бағдарламасының жоспарын және Әлеуметтік даму бағдарламасының жоспарын орындау;
• Қосымша талаптарды жоба бірлестігі және / немесе комиссиясы қосуы мүмкін.
Жеңімпаздарға не істеу керек?
1. Жеңімпаздарға арналған хатты оқып \ https://application.taiburyl.kz/assets/files/applies/9/21082117786.pdf
2. Электрондық құжат айналымы порталында https://edoc.kz/ тіркелу
Біз Mugalim байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз және болашақта әлемдегі ең үздік мұғалімдер болуларына тілектеспіз!
Taiburyl Қорының атынан Mugalim Талдықорған жобасының демеушілеріне біздің бағдарламаларымызға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!