Назар аударыңыз! «Taiburyl» ҚБ Өтінім қабылдау модулің жаңартты!
Біз сайтымызға Өтінім беру модулін жаңарттық, ескі модуль қиын әрі қателіктер көп болған. Жаңа модуль студенттерге жеңіл, ынғайлы істелінді.
Модульді толтырғанда басты ережелер:
1. Өтінімді беру үшін Сіз тіркелуге міндеттініз, аты-жөңінізді, e-mail жазып, қиын емес парольді енгізу керек. Егер тіркелу дұрыс өтсе, Сіздің почтанызға тіркелген туралы хабарлама және пароль келеді.
2. Одан кейін, терезенің оң жақ бетінде «Өтінімді толтыру» пернесін басасыз, одан кейн Өтінімді дұрыс толтыру шартын оқисыз. Оқып біткеннен кейін, терезенің астында «Өтінімді толтыру» пернесін басасыз.
3. Бұрынғы модульдегі сияқты барлық терезелерді толтырасыз.
4. Толтырғанна кейін, астында «Черновик ретінде сақтау» деген пернесін басу керек.
5. Черновик ретінде сақтағанна кейін, өтінімді pdf файл ретінде алдын-ала қарауға болады. Егер де қате болса, оны өзгертіп, қайтадан сақтап, жіберуге болады.
6. Егер де Өтінім дұрыс болса, Өтінімді жіберуге болады.
7. 24 сағат ішінде Сіздің өтімініз тексеріліп, жауап электрондық почтанызға келеді.
8. Егер де «Өтінім қабылданды» деген жауап келсе, осы уақыттан бастап Комиссия шешімін күтіп, жеңімпаздар тізімін сайтымызда көресіздер.
9. Егер де «Өтінім қабылданбайды» деген жауап келсе, онда себебін оқып, қайтадан сайтқа кіріп, қателіктерді түзетуге болады немесе жетпеген құжаттарды салуға болады. Сіздің Өтімініз конкурс біткенше үнемі базада сақталуда тұрады.