Taiburyl "Қазақстан халқына" Қорының Білім беру гранттары байқауына өтінімдер қабылдауды жалғастыруда

Алдында Комиссия байқаудын талаптарына сай келетін өтінімді мақұлдады, қалған өтінімдерді талдау бойынша жұмыс жүргізді, оның ішінде  үміткердің немесе оның ата-анасының мүгедектіктің 3 тобын растайтын құжаттары болды.

Комиссия 3 топ мүгедектігін растайтын құжаттары бар өтінімді мақұлдау мақсатында конкурс критерийлерін кеңейтуді ұсынды.  "Қазақстан Халқына" қоры Комиссияның ұсынысымен келісті.

Сондықтан өтінім қабылдау жалғасуда.
Ақылы бөлімге түскен бакалавриат бағдарламасының бірінші курс студенттері де осы байқауға қатыса алады.
Транскрипт орнына ҰБТ сертификатын тіркейді.
Бакалавриат бағдарламаларының 1, 2, 3, 4 курс студенттері Taiburyl ҚБ сайтында модульде, Өтінім беру бастырмасын басып, өтініш бере алады.

Маңызды!

Байқау шарттары бойынша құжаттар болған жағдайда ғана өтінім беруге өтініш.
Анықтамалар нотариалды куәландырылған көшірме түрінде болу қажет.
Егер осы шарқа сай келмесе құжатыңыз, Өтінімді қайтарамыз.

Жаңартылған критерийлер бойынша "Қазақстан халқына" Қорының Білім беру гранттары бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:

•    1, 2, 3 топтағы мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар;
•    толы жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
•    ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар (АӘК алушы);
•    толық емес отбасыдан 1, 2, 3 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп отырған отбасыдан шыққан студенттер;
•    ата-аналары/ата-анасының біреуі 1, 2, 3 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.

Өтінім беруге арналған құжаттар тізбесі:

https://application.taiburyl.kz/assets/files/applies/15/22090958393.pdf
Видео "Қалай өтінім онлайн беріледі"
https://www.instagram.com/tv/ChG8QwslxiB/?utm_source=ig_web_copy_link

Шәкіртақы төленетін грант Бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды.

Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты "Қазақстан халқына" ҚҚ сайтынан табуға болады
https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/

Жаңалықтарды білу үшін біздің әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:

https://www.instagram.com/taiburyl/
https://t.me/+EM-bfu7KsblkZjM6

Сағат 10:00 - 19:00 аралығында сұрақтарыңызға жауп бере аламыз.

Үміткерлерге сәттілік!