Конкурсқа бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қатыса алады. Шәкіртақы саны – 250, оның ішінде АО «Kaspi Bank» 100 шәкіртақы берсе, 120 шәкіртақы АО «VISOR Holding»-тің директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Карибжановтен берілді.
Осы Конкурс бойынша жеңіп өткен студенттер 5 ай (2015 ж. ақпан айыннан - 2015 ж. маусым айына дейің) 30 мың тенге (жеке табыс салығымен бірге санағанда) айлық шәкіртақы алады.
Конкурсқа қатысу үшін, студенттер «Айлық шәкіртақылар» Ережесінің талаптарына сай болу керек. Үміткерлер шәкіртақы алу үшін келесі талаптарға сай болу керек:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу тиіс;
- соттылығы және әкімшілік жазасы болмауы тиіс;
- Қазақстан Респубикасының аумағында орналасқан, шетел ЖООның еншесіндегі емес, қазақстандық ЖООда бакалавр не магистратура деңгейінде күндізігі бӛлімшесінде оқу тиіс;
- мемлекеттік және ірі ЖОО студенттері қатыса алады (ЖОО тізімі осында);
- кем дегеңде бір оқудың жартыжылдығын аяқтап, транскрипт кӛрсеткішін алу керек;
- мемлекет бөлген грант иегерінің шәкіртақысынан басқа қаржы көздерінен шәкіртақы алмауы тиіс;
- университеттен басқа жерде еңбек келісімі бойынша жұмыс істемеу керек;
- оқу үлгерімі қағиданың 2.2 тарауында кӛрсетілген ұйқарындылық өлшемге сай болуы тиіс;
- қағиданың 2.3 тарауында жазылғандай материалдық тұрмыс қамсыздығы сәйкес болуы тиіс;
- қағиданың 2.4 тармағында айтылғандай үлестес болу керек.
Бұл конкурс республикалық конкурс болып табылады. Үміткерлер Moomkin.com HR-порталында (біздің ресми серіктес) тіркеуден өту қажет және анкетада өзінің жеке беттің адресін көрсету тиіс. Осы портал арқылы біз жеңімпаздарға болашақта жұмысқа орналасуымен көмек көрсетуді көздейміз.
Өтініштерді қабылдау уақыты сағат 9.00 - қаңтардың 19 басталады, сағат 18.00 - 31 қаңтарға дейін жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау процессі толығымен автоматты түрде жүреді. Үміткерлер өтініштерді онлайн режимінде тапсырады (http://www.taiburyl.kz/request/). Өтініш жіберілгеннен кейін, 24 сағат ішінде «Taiburyl» ҚБ қызмткерлері өтінішіті Ереже сәйкестігіне тексеріп, автоматты түрде жауап келеді. Өтініш тек қана екі тілде қабылданады – қазақ және орыс тілінде.
Студенттерге «Айлық шәкіртақылар» Ережемен толығымен танысуды сұраймыз, егер де сұрақтар болса, бізбен байланысуға болады:
- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com) арқылы;
- FB-беті арқылы (https://www.facebook.com/taiburyl).
Сізбен байланыста болады – атқарушы директор Тургумбаев Даурен.
«Taiburyl» ҚБ барлық үміткерлерге сәттілік тілейді және бұл конкурс жаңа әйгілі адамдарды ашатына сенеміз!