Қазіргі уақытта біздің жеке есеп шотымызға демеушілерден қаражат жинау рәсімі өтіп жатыр. Осы себептен «Taiburyl» ҚБ ескерту жасайды, біз тек демеушілерден нақты қаражат түскеніне байланысты шәкіртақы мөлшері мен беру кезеңін анықтаймыз. Егер де қаражат аз мөлшерде түссе, яғни демеушілер өз міндеттерін орындамаса, «Taiburyl» ҚБ айлық шәкіртақыларды шектеу мүмкін.
Осы Конкурс бойынша жеңіп өткен студенттер 5 ай (2014 ж.қыркүйек пен 2015 ж. қаңтар айына дейің) 30 мың тенге (жеке табыс салығымен бірге санағанда) айлық шәкіртақы алады.
Конкурсқа қатысу үшін, студенттер «Айлық шәкіртақылар» Ережесінің (http://www.taiburyl.kz/kz/programs/support-education/) талаптарына сай болу керек. Үміткерлер шәкіртақы алу үшін келесі талаптарға сай болу керек:
- Қазақстан Республикасының азаматы болу тиіс;
- соттылығы және әкімшілік жазасы болмауы тиіс;
- Қазақстан Респубикасының аумағында орналасқан, шетел ЖООның еншесіндегі емес, қазақстандық ЖООда бакалавр не магистратура деңгейінде күндізігі бӛлімшесінде оқу тиіс; - Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігі (БСҚА - http://www.nkaoko.kz/ ) дайындалған Ұлттық рейтингте ен кемінде 20 балл алған ЖООда оқу тиіс;
- кем дегеңде бір оқудың жартыжылдығын аяқтап, транскрипт кӛрсеткішін алу керек;
- мемлекет бӛлген грант иегерінің шәкіртақысынан басқа қаржы кӛздерінен шәкіртақы алмауы тиіс;
- университеттен басқа жерде еңбек келісімі бойынша жұмыс істемеу керек;
- оқу үлгерімі қағиданың 2.2 тарауында кӛрсетілген ұйқарындылық ӛлшемге сай болуы тиіс;
- қағиданың 2.3 тарауында жазылғандай материалдық тұрмыс қамсыздығы сәйкес болуы тиіс;
- қағиданың 2.4 тармағында айтылғандай үлестес болу керек.
Назарларыңызға саламыз БСҚА біздің серіктесіміз болып табылады, яғни бұл осы ұйымның рейтингіне сенім білдіреміз.
Үміткерлер Moomkin.com HR-порталында (біздің ресми серіктес) тіркеуден өту қажет және анкетада өзінің жеке беттің адресін көрсету тиіс. Осы портал арқылы біз жеңімпаздарға болашақта жұмысқа орналасуымен көмек көрсетуді көздейміз.
Өтініштерді қабылдау уақыты қыркүйектің 1-нен бастап 12 қырқүйекке дейін жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау процессі толығымен автоматты түрде жүреді. Үміткерлер өтініштерді онлайн режимінде тапсырады (http://www.taiburyl.kz/request/). Өтініш жіберілгеннен кейін, 24 сағат ішінде «Taiburyl» ҚБ қызмткерлері өтінішіті Ереже сәйкестігіне тексеріп, егер өтініш қабылданса, үміткер өтінішті қағазға басып шығарып, қолынды қойып, барлық құжаттарды тіркеп почта арқылы бірлестіктің офисіне жібереді. Өтініш тек қана екі тілде қабылданады – қазақ және орыс тілінде.
2014 жылдың 16 қырқүйегінде Мурат Абенов басшылығымен (бұрынғы депутат, бұрынғы білім беру вице министрі) өтініштерді қарау үшін арнайы комиссия отырысы өткізіледі. Бұл комиссияның шешімі үзілді-кесілді және қайтадан қарауға немесе өзгертуге болмайды. 17 қыркүйекте www.taiburyl.kz сайтында жеңімпаздардың тізімі жарияланады. 25 қыркүйекке дейін әр жеңімпазбен келісім шарт жасалады, ал 30 қыркүйекке дейін алғашқы шәкіртақы аударылады.
Студенттерге «Айлық шәкіртақылар» Ережемен толығымен танысуды сұраймыз, егер де сұрақтар болса, бізбен байланысуға болады:
- +7 7172 37 31 87 телефон арқылы;
- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com) арқылы;
- FB-беті арқылы (https://www.facebook.com/taiburyl).
Сізбен байланыста болады – атқарушы директор Тургумбаев Даурен.
«Taiburyl» ҚБ барлық үміткерлерге сәттілік тілейді және бұл конкурс жаңа әйгілі адамдарды ашатына сенеміз!