«Натиже» компаниясы - жоғары сапалы табиғи шикізатын және Еуропаның заманауи жабдықтарын қолдануға бағытталған, Қазақстандағы әр түрлі сүт өнімдерінің шығаратын озық өндіріс.
Компания үшін басты мақсат – сүт өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы. Өнімнің ассортименті: 50-ден астам түрі - сүт, йогурт, сусындар «снежок», «ацидофилин», «Нарине», «Bio Mio», қаймақ, ірімшік, құрт, сары май, балмұздақ.
Тұтынушылар бұл компания тамақ өнеркәсібіндегі барлық ағымдық үрдістерге сәйкес өндірілген сүт өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеумен айналысып жатқанына қуануда.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік компанияның құрылуынан бері жұмыс бағыттарының бірі болды: «Әлеуметтік қызмет адамның дүниетанымында жатып, оның табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Егерде сен табыс тауып және басқа көп адамдармен салыстырғанда үлкен мүмкіншіліктерге ие болсаң, онда осы өмірде көп жақсылық жасауын қажет. Біз, «Нәтиже» компаниясы, үнемі өзіміздің қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, қайырымдылықпен айналыстық, қазір де айналысамыз».
Біздің демеушіміздің қызметіндегі тағы бір серпіліс – олардың өндіріске арналған кадр резервін құру туралы шешімге қалай жақындағаны. Өндіріске арналған кадр резервін ҚР, Түркия,Ресей Технологиялық университеттеріне өз қаражаттарына оқуға жібереді. «Сенімді, мақсатқа жету мұраты бар жас адамдардан топ құрып, өз қаражатымызға оқуға жіберетін боламыз. Олар толық бакалавриатты аяқтап, біздің кәсіпорынға жұмыс істеуге қайтып келеді».
«Taiburyl» бен «Нәтиже» компаниясы білім беру саласындағы қайырымдылық бағдарламасына серіктес болып табылғанына өте қуаныштымыз.
«Taiburyl» ҚБ тің атынан «Нәтиже» компаниясына табыс пен береке тілей отыра, біздің бағдарламаларымызды қолдағаны үшін көп алғыс білдіреміз және осы қолдауға ие болған студенттеріміз үздік маман болып шығады деп сенудеміз.