Taiburyl Mugalim байқауын жариялайды

Mugalim жобасының мақсаты - педагог мамандығына әлеуеті жоғары талапкерлерді тарту, педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерді қолдау және педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу, әсіресе Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде. 


Mugalim байқауының жеңімпаздары жобаға қатысу барысында ай сайынғы шәкіртақы / қайырымдылық көмек алады, ол екі бөлікке бөлінеді: 
30 000 теңге - Білім беру бағдарламасының қатысуы және орындалуы үшін,  
10 000 теңге - Әлеуметтік бағдарламаның іс-шараларына қатысқаны және орындағаны үшін. 

Және белсенді нәтижелері бойынша бір-біріне тәуелсіз төленуі мүмкін. 

Қайырымдылық көмек алуға үміткерлерге қойылатын талаптар:
 
1. Қазақстан азаматы болу; 
2. Алматы қаласында орналасқан ЖОО-ның күндізгі бөлімінде педагогикалық мамандықтар бойынша оқу; 
3. Mugalim байқауның Ережесіндегі 2.2. т. көрсетілген үлгерім баллдарына сәйкес болу; 
4. Жоғары оқу орнын бакалавриат бағдарламасын бітіргеннен кейін және тиісті диплом алғаннан кейін өз мамандығына сәйкес мектепте мұғалім болуға деген ниетке ие болу; 
5. Онлайн психология тесттерді және пән бойынша тестті тапсыруға дайын болу; 
6. Жобада болған барлық кезең ішінде білім беру бағдарламасының жоспары мен әлеуметтік даму бағдарламасының жоспарын орындау; 
7. Қосымша талаптарды жоба бірлестігі және / немесе комиссиясы қоса алады; 

Өтінімдер онлайн режимде модульде қабылданады. 

Өтініш беру үшін Mugalim байқауның Ережесімен танысу және құжаттар пакетін жинау қажет: 

1. Жеке куәліктің көшірмесі; 
2. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама 
3. ҰБТ нәтижесі туралы сертификат көшірмесі 
4. Оқу үлгерім туралы мәлімет, оқу орнынан анықтама (транскрипт) 
5. Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) 
6. Ғылым және спорт саласындағы республикалық және халықаралық турнирлерде жүлделі орындарды алғандығын куәландыратын сертификаттардың, дипломдардың түрлі-түсті көшірмелері 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылғы 18 тамыздан 27 тамызға дейін. 

Сұрақтар туындаған жағдайда жоба координаторларымен телефон арқылы байланысуға болады: +7 778 589 3575 +7 747 739 5340