Taiburyl және I Qanat Білім беру қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ауыл мектебінің 9-11 сынып оқушыларына математика, физика, ағылшын тілі, «Эрудит» эссе сайысы бойынша олимпиада өткізу арқылы қолдау көрсету - I Qanat Қорының басты мақсаты. 


I Qanat Олимпиадасының ерекшелігі бар:
• барлық тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының тексеруінен өткізілген 
• барлық оқушылар оқу үлгеріміне байланыссыз қатысатыны 
• олимпиадалар аудандық білім беру бөлімдерінің үйлестіруі арқылы жүргізіледі 
• 2019 жылы I Qanat олимпиадасы жалпы халықтық олимпиадалар тізіміне енгізіледі. 

I Qanat олимпиадасының 1000 жүлдегерлері Астанада Назарбаев Университетінде ұйымдастырылатын мотивациялық семинарлар мен өздерінің қойылатын мақсаттарын Болашақ картаға түсіру бойынша 5 күндік бағдарламасына қатысады. 

10-11 сыныптарда келесі дайындық жұмыстары жүргізілуде: 100% IELTS тренингі, Болашақ түлектері өздерінің жерлестеріне IELTS-ті ментор\тәлімгер ретінде дайындауға және өткізуге көмектеседі. 

10-сыныптан кейін тест тапсыру, ҰБТ-не дайындау да тәлімгерлік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Мұның бәрі ауыл оқушыларына «Болашақ» гранттары, шетелдік гранттары мен стипендияларды пайдалана отырып, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына тусуіне мүмкіндік береді. 

Осы мүмкіндіктердің арасында Taiburyl Қорының «Білімді қолдау» бағдарламалары ретінде берілетін гранттар және шәкіртақылар.

 Ең жақын тұрған мәселе – біздің Болашақ мұғалім атты байқаудың стипендиаттары ментор болып I Qanat бағдарламасына қатысу, педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру және педагогикалық мамандықтарды таңдаған оқушыларға қолдау көрсетудің қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істеу. 

Осылайша бірлесіп, біздің интеллектуалды әлеуетімізді, талантты жастарды жүйелі түрде қолдаудың мақсатына қол жеткіземіз, ауыл оқушылары сапалы білім алады және білім арқылы қоғамның дамуына ықпал ете аламыз деп армандаймыз