Білім гранттары


«Білім гранттары» Ережесі

  • «Білім гранттары» Ережесі «TAIBURYL» Қоғам Бірлестігінің (әрі қарай – Бірлестік) «Білімді қолдау» бағдарламасында реттеуші тәртіппен берілетін гранттын (әрі қарай - Грант) негіздемесі.
  • Грант дегеніміз, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында (әрі қарай – ЖОО) бакалавр және магистратура білімдік жүйесімен оқитын студенттерге оқуының бір жартыжылдығын төлеу үшін берілетін ақша құны.
  • Гранттар техникалық, гумманитарлық, қоғами және экономика ғылым саласында оқитын, талантты, келешегі бар қазақстандық студенттеріне оқуын төлеу үшін бағыттанған.
  • Грант беру Байқауының үміткерлерін таңдау реттігі бір жылда екі рет өткізіледі:
    - тамыз-қыркүйек;
    - қаңтар-ақпан айларында.
    Байқау демеушінің келісуімен басқа ай аралығында өткізілуі мүмкін.