Айлық шәкіртақылар


«Айлық шәкіртақылар» Ережесі

  • «Айлық шәкіртақылар» Ережесі «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігінің (әрі қарай – Бірлестік) «Білімді қолдау» бағдарламасында реттеуші тәртіппен берілетін шәкіртақының негіздемесі.
  • Шәкіртақы дегеніміз, бакалавриат не магистратура білімдік бағдарламасымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын (әрі қарай – ЖОО) студенттерге арналған, ай сайын төленетін ақша құны.
  • Шәкіртақы техникалық, гумманитарлық, қоғами және экономика ғылым саласында оқитын, талантты, келешегі бар қазақстандық студенттеріне оқу, ғылым әрі тәжірибие саласындағы қызметін ынталандыру үшін беріледі.
  • Байқау жыл сайын тамыз – қыркүйек айында, қаңтар – ақпан айларында бөлінген шәкіртақы шешімінің үміткерлерінің оқу үлгерімінің нашарлануына және сол шешімді өзгертуіне байланысты өткізіледі.