«Қазақстан Халқына» Қорының Білім беру гранттары байқауы бойынша нәтижелері

2022 жылы 5 қыркүйекте гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Конкурсқа барлығы 3349 өтінім берілді, оның 475 ғана критерийлерге сәйкес келді.

Комиссия аталған 475 өтінімді мақұлдады, сондай-ақ қалған өтінімдерді талдау бойынша жұмыс жүргізді, оның ішінде 154 өтінім анықталды, онда үміткердің немесе оның ата-анасының мүгедектіктің 3 тобын растайтын құжаттары болды.
Комиссия аталған 154 өтінімді мақұлдау мақсатында конкурс критерийлерін кеңейтуді ұсынды.

"Қазақстан Халқына" қоры Комиссияның ұсынысымен келісті. Осылайша, мақұлданған өтінімдердің жалпы саны 629 құрайды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға табысты оқу тілейміз!

2022 жылы 1-30 тамыз аралығында өтінім берген "Қазақстан Халқына" Қорының Білім беру гранттары" байқауының жеңімпаздарының тізімі

https://application.taiburyl.kz/assets/files/applies/14/22093085914.pdf


Женіпаздарға арналған құжаттарды тапсыру, келісім шартқа отыру рәсімдері туралы қосымша ақпарат жақында шығады.

Сонымен қатар, бөлінбеген гранттың бар екенін ескере отырып, "Қазақстан Халқына" Қоры 2022 жылдың 8-20 қыркүйегі аралығында өтетін қосымша байқау жариялау туралы шешім қабылдады.

Жаңартылған критерийлеріне сәйкес келетін студенттер өтінім бере алады.

ЖОО басшылығынан өз студенттері арасында конкурс критерийлеріне сәйкес келетіндерді анықтау бойынша  жұмыс жүргізуді сұраймыз.

Үміткерлерге сәттілік тілейміз!