Қосымша байқаудың алдын ала қорытындысы

2022 жылғы 6 қараша күні «Қазақстан Халқына»Қоғамдық Қорының қайырымдылық бағдарламасы бойынша Білім беру гранттарын тағайындауға,үміткерлердің өтінімдерін қарау жөніндегі комиссия жұмысы өткен болатын.

Байқауға қатысу үшін негізгі талаптар келесі критерийлер болды:

* мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан студенттер;

Естеріңізге сала кетейік, Taiburyl «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорына көмек көрсетіп, өтінімдерді қабылдау және өңдеу үшін, өзінің техникалық платформасын ұсынды.

2022 жылғы 18 қазан мен 31 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламасының 1, 2, 3, 4 курс ақылы бөлімде оқитын студенттері арасынан үміткерлерден 552 өтінім қабылданды.

Комиссия онлайн тапсыру қорытындысы бойынша іріктеу критерийлеріне толық сәйкес келетін 316 өтінімді іріктеп алды.

Жеңімпаздардың алдын ала тізімі «Қазақстан Халқына»Қоғамдық қорының сайтында және Taiburyl сайтында жарияланады.

https://application.taiburyl.kz/assets/files/applies/16/22110994491.pdf

Әрі қарай, 2022 жылдың 18 қазан мен 31 қазан аралығында өтініш берген жеңімпаздар "Жеңімпазға хат" нұсқауларын орындауы керек.
https://application.taiburyl.kz/assets/files/applies/16/22111594529.pdf



Құжаттарды жинап қағаз түрінде Астана қаласына 19 қарашаға дейін жібересіз.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан Халқына" Қоғамдық қорының Білім беру гранты ҚР университеттерінде бакалавриат бағдарламасы бойынша жеңімпаздың оқу шығындарын толық өтейді.

Стипендия 40 000 теңге мөлшерінде есептеледі.

Жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады:

1. "Қазақстан Халқына" Қоры салыстыру үшін тізімдер мен шарт жобасын университетке жібереді

2. Университет тізімді растайды және келісімшартты толтырады

3.Университет студентке стипендия алу үшін қандай банк картасын ашу қажеттілігі туралы хабарлайды.

Студенттер осы келісім шарт жұмысы туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректорға немесе студенттерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласады.

Барлық жаңалықтардан хабардар болу үшін біздің ақпараттық ресурстарға жазылыңыз.

https://www.taiburyl.kz/
https://t.me/taiburyl
https://www.instagram.com/taiburyl/

Сұрақтар болса, осы нөмір арқылы сағат 18:00 дейін жазыңыз:
WApp 8 771 501 91 37