Қазақстан Даму Банкі қолдаумен өтіп жатқан жобаның жаңалықтары

Арман мен Рахымжан Орал қаласындағы Жоғары аграрық-техникалык колледжінің студенттері. 


2018 жылы Taiburyl ға өтінім беріп, байқауында жеңіп, "Конденсат" АҚ да тағлымдама өтуге мүмкіндікке ие болды. 
Бұл жобаның демеушісі Қазақстан Даму Банкі. 

Біріншіден завод туралы бір ауыз сөз айта кетейік. «Конденсат» акционерлік қоғамы 1992 жылы құрылған және Орал облысы Бурлин ауданының орталығы Ақсай қаласында орналасқан. Бұл 1936 жылы құрылған мұнай-газ саласындағы қала. 

«Конденсат» АҚ ның негізгі қызметі - көмірсутегі шикізатын өңдеп жоғары сапалы мотор отындарын өндіру. 
Арман мен Рахымжан осы заводта тағлымдамадан өтіп жатыр. 
«Тіркеуден кейін бізді нефтебазаға жіберді. Бірақ бұған дейін оқудан өтіп, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарын: ережелер, нормалар мен нұсқаулықтарды жаттадық. 

обучение.jpg

Куәлік пен сертификаттарды алғаннан кейін бізге нефтебазаға кіруге рұқсат берілді. Нефтебазаның міндеті K-5 класты экологиялық бензинді өндіруден (еуропалық стандарттарға сәйкес) кейін, оны жанар-жағар май станцияларына және көтерме сатып алушыларға жіберу. 

студенты колледжа на АО Конденсат.jpg

Нефтебазаның қызметкерлері жауапты, олар оператор бөліміндегі ережелерін түсіндірді. Жұмыс кестесі ыңғайлы, бес күн заводта болып, демалыс күндері Оралға барып, отбасымен бірге үйде тұруға мүмкіндігіміз бар. Біз сондай-ақ тұрғын үй және азық-түлік шығындарын жабатын 50 000 теңге шәкіртақы аламыз.  

1.png
Арман: «Осы бағдарламаның арқасында мен технологтың (мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы) жұмысының қандай екенін түсіндім. Бұл тағылымдама менің кейінгі зерттеулеріме көмектеседі. Мен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне, жұмысқа орналасу ықтималдығына үшін Қазақстанның Даму Банкіне және «Тайбурыл» қорына алғысымды білдіргім келеді. Мен байқауда жеңіп алғаныма өте қуаныштымын».

2.png

Рахымжан: «Мен орталық басқару пультта жұмыс істеймін. Операторлар мұнда өңдеу процесін  яғни бәрі қалыпты режимде, температурада, қысыммен болып жатқанын бақылайды. Тәжірибе мамандығымды дұрыс таңдадым ба нақты түсінік береді. Болашақта мен автоматтандырылған басқару жүйелерін тереңірек зерттеймін. Өндірістегі жұмыс ұнайды. 
Қазақстан Даму Банкінің жастарға қолдау көрсетуіне алғыс білдіргім келеді!"

Бұл жоба өндірістік компаниялардың қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады. «Taiburyl» Қорының атынан Конденсат АҚ ның басшыларына және кадр басқармасының бастығы Құдайбергенова Манчук Алибекқызына алғысымызды білдіргіміз келеді. Алғашқы күндерден жобамызға толық қолдау көрсеткен, барлық мәселелерді шешуге көмектескен Манчук Алибекқызына денсаулық, жұмысында табыс тілейміз! 

Арман мен Рахымжанға тағылымдамадан табысты өту, алға қойған мақсатына жету, мұнай-газ саласының мамандары болуды тілейміз!