Нұржайна мен Амина Орал қаласындағы Жоғары аграрлық-техникалык колледжінің 3 курс студенттері. 2018 жылы Taiburyl ға өтінім беріп, байқауында жеңіп, "Конденсат" АҚ да тағлымдама өтуге мүмкіндікке ие болды.
Бұл жобаның демеушісі Қазақстан Даму Банкі.
Есіңізге сала кетейік, «Конденсат» Акционерлік Қоғамы 1992 жылы құрылған және Орал облысы Бурлин ауданының орталығы Ақсай қаласында орналасқан.
Бұл 1936 жылы құрылған мұнай-газ саласындағы қала. «Конденсат» АҚ ның негізгі қызметі - көмірсутегі шикізатын өңдеп жоғары сапалы мотор отындарын өндіру.
Мұнай-газ саласында қыздарға арналған орын бар ма? Тағлымдама барысында бұл қиын сұрақты Нұржайна мен Амина өздеріне қойды.
«Бұл сала қыздарға үшін қиын, математика мен физика, химияны мектеп қабырғасынан бастап тереңдетіп оқу керек» - Амина ойын ортаға салды.
Мамандық таңдауға тағы не әсер етті?
Нұржайна:
«Осыдан төрт бес жыл шамасында біздің Батыс Қазақстанда Бисен ауылына газ кіргізді. Халықтың қуанышында шек жоқ. Сонда осы мамандықты таңдаймын, қажет екен деп ойладым. Арманым орындалып оқуға түстім. Стажировка кезінде өз мамандығымның қыр сырын білуге тырыстым. Оқып, көріп, түсінуге тырыстым.
Əрине, қыз балаға қиын, көбі ер адамдар, бірақ өз мамандығыңды жақсы көрсең, үйренуге болады. Айналаңда алпауыт құрылғылар тұрғанда қорқыныш сезім басым болады екен. Менің қолымнан келе ме деген.
Бірақ əріптестерімнің маған сеніммен қарағаны,үйреткені қорқынышты жояды. Бұрын осындай жерде болып көрген жоқпын. Стажировка жаңа достар,таныстар,əріптестер берді.
Жұмысқа кел, сенен жақсы маман шығады, жылдам тіл табысып, білуге тырысып тұрасың деген сөздер менің осы мамандықты əрі жалғастыруыма септігін тигізеді деп ойлаймын».
Мамандық қоғам үшін маңызды, адам өмірін жеңілдету мүмкіндігі біздің екі жеңімпаз қыздар үшін барлық қиындықтардан асып түседі. Бұл адамды қуаттандырады және одан әрі өсуге ұмтылдырады. Әр жұмыстың сәттілік кілті осыда.