Байқаудың 10 женімпаздары 10 айлық шәкіртақы алуға мүмкіндігі болады.
Бұл жобаның мақсаты: еліміздің IT мамандықтарының дарынды студенттеріне қолдау көрсету және өзара көмек көрсету практикасын жалғастыру.
Демеушінің бір ғана шарты: жеңімпаздар кейіннен жобаны қолдап, оқуды аяқтағаннан кейін және студенттің пікірі бойынша жеткілікті табыс болған жағдайда осы жобаның тұрақты демеушісі ретінде қолдаса деген сұраныс бар.
Байқау Сулейман Демирел атындағы Университеттің
«Ақпараттық жүйелер» мен «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтар бойынша 3,4 курс (2020-2021 оқу жылы) бакалавриат
2 курс магистратура бағдарламасында оқитын студенттері үшін ашық.
Өтінім беру процесі толығымен автоматтандырылған, сондықтан өтінім берушілер онлайн режимінде өтінім бере алады.
Өтінім берушілер келесі талаптарға сай болуы керек:
• Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
• Соттылығы және әкімшілік жазасы болмауы тиіс;
• GPA 3.0 баллдан төмен болмау тиіс;
• Ерікті көмек көрсету тәжірибесін жалғастыру идеясын қолдау
Назар аударыңыз!
Сізге құжаттардың толық пакетін e gov порталы арқылы жинауды, осы құжаттардың нұсқаларын сканерлеуді және содан кейін ғана сайтқа тіркелу рәсімін өтуді ұсынамыз.
Кез-келген шұғыл сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз:
e-mail (taiburyl.kz@gmail.com);
- телефон арқылы +7 771 501 91 37 сағат 19:00 дейін