Taiburyl «Айлық Шәкіртақылар» байқауы басталғаны туралы хабарлайды.

Байқаудың 10 женімпаздары 10 айлық шәкіртақы алуға мүмкіндігі болады (қазіргі жағдайды ескере отырып, төлем қыркүйектен емес, 2020 жылдың маусымнан басталады). 


Бұл жобаның мақсаты: еліміздің IT мамандықтарының дарынды студенттеріне қолдау көрсету және өзара көмек көрсету практикасын жалғастыру. 

Демеушінің бір ғана шарты: жеңімпаздар кейіннен жобаны қолдап, оқуды аяқтағаннан кейін және студенттің пікірі бойынша жеткілікті табыс болған жағдайда осы жобаның тұрақты демеушісі ретінде қолдаса деген сұраныс бар. 

Байқау Сулейман Демирел атындағы Университеттің «Ақпараттық жүйелер» ,
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтар бойынша 

3,4 курс (2020-2021 оқу жылы) бакалавриат және 2 курс магистратура бағдарламасында оқитын студенттері үшін ашық. 

Студенттерден өтінім жинау 2020 жылдың 29 мамырының сағат 9.00-дан 15 маусымның сағат 18.00-ге дейін өтеді. 

Өтінім беру процесі толығымен автоматтандырылған. Өтінім берушілер сайтымыздың "Өтінім беру" бөлімінде онлайн ретінде тапсырады.

Қажетті құжаттар тізбесі «Айлық шәкіртақылар» Ережесінде бар. 

Өтінім берушілер келесі талаптарға сай болуы керек: 

• Қазақстан Республикасының азаматы болуы; 
• Соттылығы және әкімшілік жазасы болмауы тиіс; 
• GPA 3.0 баллдан төмен болмау тиіс; 
• Ерікті көмек көрсету тәжірибесін жалғастыру идеясын қолдау 

Назар аударыңыз! Сізге құжаттардың толық пакетін жинауды, осы құжаттардың нұсқаларын сканерлеуді және содан кейін ғана сайтқа тіркелу рәсімін өтуді ұсынамыз. 

Кез-келген шұғыл сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз: 
e-mail (taiburyl.kz@gmail.com); 
- телефон арқылы +7 771 501 91 37 сағат 19:00 дейін 

Өтінім қабылдайтын модуль автоматтандырылған, ауызша кеңес беру қажеттілігін болдырмау үшін ақпараттың әрбір тармағына түсініктеме берілген. 

«Taiburyl» Қоғамдық Бірлестігі студенттерді байқауға белсенді қатысып, өзара көмек көрсету үлгісін жалғастыруын шақырады!