Еске сала кетейік, ҚБТУ Түлектер Қорының Стипендиялық бағдарламасы - 2016 жылы алғашқы түлектері шығарылғанына 10 жыл толуына арналған бастама жоба.
Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 38 түлегі кіші сыныптастарын дербес қолдайды.
Бұл жоба үлкен мәнге ие, өйткені ол бірлік пен өзара көмек көрсетудің керемет дәстүрлерін құра отырып, жанқиярлықтың үлгісі болып табылады.
Сонымен қатар, бұл бағдарлама қазіргі студенттерді жақсы оқуға, студенттік өмірде үздік болуға шабыттандырады.
2018 жылы Қожақова Ұлбосын шәкіртақы иегері атанды және 10 ай шәкіртақы алды.
Ұлбосын Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылында ерекше отбасында дүниеге келді, онда 5 апалы-сіңлілі қыздар және барлығы математиканы ұнатады. Үлкен әпкелері РФММ бітірген. 11 жасынан бастап осы аты аңызға айналған мектепке түсуді армандап, математика мен ағылшын тілінен өзі дербес дайындалды. Әпкелері демалысқа келгенде, олардан білгендерін көрсетуін өтінді. Осындай зор ықылас пен табандылықты көріп, олар қуана көмектесті. Үлкен апасының көмегімен Ұлбосын 1 айда математика және физика пәндерінен емтиханға дайындала алды.
Арманы орындалды, 2014 жылы Ұлбосын Алматыдағы РФММ-нің 9-сыныбына түсті. Мектепті Алтын белгі иегері болып бітірді. Оқуындағы Алтын белгі мен қатар ол өзінің «РФММ Мақтанышы» деген медалімен мақтан тұтады.
Келесі кезең - Қазақстандағы жетекші университеттердің бірін – ҚБТУ есігін ашты. Қазір ол ақпараттық жүйелерді оқып жатыр, бұл олардың отбасында дәстүрге айналды. Әпкелері IT мамандық бойынша оқыған.
Осы жылы Teacher assistant болып көрді, атақты IT компаниясының байқауынан өтіп жүр.
Жұмыс істеуге зор қабілеттілік пен мақсаттына барын салып жету, ең жақсы болуына көмектеседі. Отбасы, ата-ана мен әпке-сіңлілерінің қолдауы - Ұлбосын үшін сәттіліктің құрамдас бөлігі.
Ұлбосынға денсаулық пен табыс тілейміз, армандарына жете берсін!