«Taiburyl» «Айлық шәкіртақылар» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды

Байқаудың демеушісі - «Documentolog» компаниясы.

«Documentolog» компаниясының бас директоры Байжан Канафин осы байқауға қатынасатын студентерге қандай талап қойылатынын  туралы әңгімелеп берді.

dir_1.jpg

«Біздің компания отандық ІТ-нарығын дамытуға қызығушылық танытып, әлеуметтік жобаларға үлкен көңіл бөледі және биыл біз қолдауды қажет ететін дарынды жастарға көмек көрсету деңгейіне жеттік. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың маусымына дейін 10 ай IT мамандықтар бойынша оқитын 5 студентке айлық шәкіртақы төлеп қаржылық қолдау көрсетеміз»

Байқауға осындай мамандықтар бойынша оқитын Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатыса алады:

·        «Ақпараттық жүйелер»;

·        «Есептеу техникасы мен бағдарламалық камтамасыз ету»;

·        «Автоматтандыру және басқару».

Оқу үлгерімінің көрсеткіші, GPA барлық 4 3.0 балл  болу тиіс.

Өтініштер 2018 жылғы 17 қыркүйектен бастап 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Сонымен қатар, байқауға қатынасатын студенттер «Айлық шәкіртақылар» Ереженің барлық талаптарына сәйкес келуі керек және Өтінішті қажетті құжаттармен растау қажет.

Құжаттар тізімі Нұсқаулықтың соңғы беттерінде берілген. (http://taiburyl.kz/faq/Stipend_2015.06.01.pdf)

Бұл байқау республикалық байқау болып табылады, оған еліміздің барлық өңірлерінің студенттері қатыса алады. Грант бойынша оқитын және ақылы бөлімде де оқитын студенттер қатыса алады.

Жедел сұрақтар туындаған жағдайда сіз тек электрондық түрде байланыса аласыз:

- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com);

- WhatsApp 8 771 501 91 37

- FAQ http://taiburyl.kz/faq/ бөлімінде жиы қойылатын сұрақтарға жауап келтірілген

Өтінім беретін модуль автоматтандырылған және ауызша кеңес беру қажеттілігін болдырмау үшін толықтырылатын әрбір ақпарат үшін түсініктеме беріледі.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз, бұл байқау жаңа IT дарындыларды ашады деп үміттенеміз!