«SilkWay Ventures Group» компаниясы оқу бітіріп болғаннан кейін финтех бағытта әрі қарай дамып, дарынды студентті қолдау үшін айлық шәкіртақы бөледі.
Өтініштер 2018 жылғы 24 қыркүйектен бастап 2018 жылдың 7 қазанға дейін қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Өтініштер онлайн түрде https://application.taiburyl.kz/ru/1 сілтеме бойынша беріледі.
Байқауға осындай мамандықтар бойынша бакалавриат және магистратурада оқитын студенттер қатыса алады:
· «Ақпараттық жүйелер»,
· «Есептеу техникасы мен бағдарламалық камтамасыз ету»,
· «Автоматтандыру және басқару»,
· «Қаржы»,
· «Есеп және аудит»
Оқу үлгерімінің көрсеткіші, GPA барлық 4 3.8 балл болу тиіс.
Сонымен қатар, байқауға қатынасатын студенттер «Айлық шәкіртақылар» Ереженің барлық талаптарына сәйкес келуі керек және Өтінішті қажетті құжаттармен растау қажет.
Құжаттар тізімі Нұсқаулықтың соңғы беттерінде берілген. (http://taiburyl.kz/faq/Stipend_2015.06.01.pdf)
Осы байқауда жеңімпаз болып табылатын студент 10 ай бойы (2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың маусымына дейін) 30 мың теңге көлемінде ай сайын стипендия алуға құқылы.
Грант бойынша оқитын және ақылы бөлімде де оқитын студенттер қатыса алады.
Жедел сұрақтар туындаған жағдайда сіз тек электрондық түрде байланыса аласыз:
- e-mail (taiburyl.kz@gmail.com);
- WhatsApp 8 771 501 91 37
- FAQ http://taiburyl.kz/faq/ бөлімінде жиы қойылатын сұрақтарға жауап келтірілген
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!